Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтың Айыртау ауданына жұмыс сапары

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетовтың Айыртау ауданына жұмыс сапары

    Айыртау ауданында сүтті мал шаруашылығы мен сүт өнімдерін қайта өңдеу жобалары жүзеге асырылуда**

    26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданында болды. Сапар барысында оны Айыртау ауданының әкімі Мейрам Жақсылықұлы Мендібаев сүйемелдеді.

    Жұмыс сапарының алғашқы нысаны Антонов ауылдық округінің Антоновка ауылындағы «Борисфен» ЖШС болды. Мұнда 410 бас голштин тұқымды ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасын салудың екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Жобаның құны – 2 млрд теңге.

    «Борисфен» ЖШС басшысы Вячеслав Александрович Кимнің айтуынша, қазіргі уақытта фермада 195 сауын сиыр бар. Тәулігіне 6 тоннаға дейін сүт өндіріліп, өнім «Гормолзавод» ЖШС-не өткізіледі.

    Сүт-тауар фермасының екінші кезеңін 2026 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда. Жоба іске қосылғаннан кейін қосымша 25 жұмыс орны ашылады. Қазіргі уақытта нысанда ғимарат салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

    Ферманы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында Қытай мен Түркиядан қора-жай жабдықтарын жеткізу жөніндегі келісімшарттар жасалып, төлемдері жүргізілді.

    МТФ жанында «Shaiyr Agro» ЖШС-не тиесілі сүт өнімдерін қайта өңдеу цехы салынды. Кәсіпорынның директоры – Орынбай Шағманұлы Орынбаев. Нысан кәсіпорынның өз қаражаты және гранттық қаржыландыру есебінен салынған.

    Цехта тәулігіне 1000 литрге дейін сүт өңдеу жоспарлануда. Мұнда «Айыртау сүт» брендімен табиғи сүт өнімдері – майлылығы 3,2% құтыланған сүт және майлылығы 20% ПЭТ қаптамадағы қаймақ шығарылады.

    Цехтағы жабдықтар орнатылып, іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ кәсіпорында өнімнің сынақ партиясы шығарылды. Цехты толық өндірістік режимде іске қосып, дайын өнімді тұрақты түрде шығаруды 2026 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында бастау жоспарланып отыр.

    Гранттық қолдау аясында жүзеге асырылып жатқан жоба бойынша «Shaiyr Agro» ЖШС мал азықтық дақылдарды – жоңышқа, еркекшөп және қылтықсыз арпабас өсірумен де айналысады. Қазіргі уақытта егілген дәнді-бұршақты шөптерден шөп дайындау жұмыстары жүргізілуде.

    Аталған жобаларды жүзеге асыру ауданның сүтті мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ жергілікті өндірістің өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары