САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысына арнайы барып, құрылыс барысын және жер мәселелеріне байланысты өзекті мәселелерді пысықтады. Қазіргі таңда нысанда жол негіздемелерін дайындау жұмыстары жүргізілуде.
    Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы жүргізілуде. Бұл республикалық маңызы бар жаңа автомобиль жолы өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.
    Айта кетсек, Сарыағаш қаласының айналма жолы заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, төрт жолақты болып салынады.
    Жобаның жалпы ұзындығы – 102,6 шақырымды құраса, оның ішінде Сарыағаш ауданы арқылы – 43 шақырымы өтеді және тәулігіне 13,5 мың көліктің қозғалысын қамтамасыз ететін болады.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары