Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы орталық стадионда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Аудан басшысы құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу қарқынымен танысып, стадионды жаңғырту барысында барлық құрылыс жұмыстары бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына толық сәйкес орындалуы қажеттігін атап өтті.
Айта кетсек, орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген жобалау-сметалық құжаттама негізінде мердігер мекеме – «ВИБО-Строй» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде.
Қазіргі таңда нысанда бірқатар жұмыстар аяқталып, қалған жұмыстар белгіленген жоспарға сәйкес жалғасуда. Атап айтқанда мекеме аумағын қоршау жұмыстары, жуыну және киім ауыстыру бөлмелерін жөндеу, су құбырларын жеткізу, жүгіру жолағын жөндеу, лотоктарды орнату, кіші футбол алаңының бетон негізін дайындау, трибуна баспалдақтарының бетон негізін дайындау жұмыстары жүзеге асырылуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









