
Ескі ғимараттар, қорық кордондары, тау соқпақтары, шатқалдар, алғашқы экспедициялар мен бүгінгі далалық жұмыстар... Ақсу-Жабағылының архивінде бір ғасырдың талай сәті сақталған. Жылдар өтті. Қорықта еңбек еткен буындар ауысты, зерттеу мен бақылау тәсілдері жаңарды. Кезінде мамандар жаяу және атпен жүріп зерттеген аумақтарда бүгінде заманауи мониторинг құралдары қолданылады. Ал өзгермегені — осы табиғатты сақтау мақсаты. Архивтегі кадрларды бүгінгі көріністермен қатар қойғанда, Ақсу-Жабағылының 100 жылдық жолын ерекше сезінуге болады. Бұрын және қазір. Бір ғасырдың екі көрінісі. Бір мақсат — табиғатты сақтау.









