
17 қыркүйекте Тимирязев ауданында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» тақырыбында жаңа заң талаптарын түсіндіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және Әдеп кодексі талаптарын сақтауға арналған семинар өтті.
Іс-шараға ауданның мемлекеттік қызметшілері офлайн және онлайн форматта қатысты. Семинарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Дархан Хайруллин және Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров құттықтау сөз сөйледі.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Іс-шара соңында Департамент басшысы Дархан Хайруллин азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгініп, тиісті түсініктемелер алды.








