Ne Prosto Orchestra Алматыда Қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді

    Ne Prosto Orchestra Алматыда Қала күніне арналған мерекелік концертте өнер көрсетеді

    Алматыдағы Абай алаңында 19 қыркүйекте Қала күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Концерттік бағдарлама аясында Қазақстандағы алғашқы тәуелсіз симфониялық оркестрлердің бірі Ne Prosto Orchestra өнер көрсетеді. Дирижер – маэстро Мадияр Тойболды.

    Ашық аспан астында өтетін концерт барысында оркестрдің үздік шығармалары орындалады. Кештің ерекше музыкалық сәті Роза Рымбаева мен «Дос-Мұқасан» тобының Алматы туралы танымал әндерді дуэт болып орындауы болмақ.

    Мерекелік концерт қала тұрғындары мен қонақтарына жанды музыка мен танымал шығармаларды симфониялық орындауда тамашалауға мүмкіндік береді.

    Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын Қала күніне арналған мерекелік концертке шақырамыз.

    Өтетін орны: Абай алаңы
    Күні: 19 қыркүйек
    Басталуы: 19:00

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының мәдениет басқармасы" жаңалықтары