
18 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 18 қыркүйекте күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.









