Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 2025-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау нәтижелері бойынша Талдамалық анықтама

    Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

    бөлімі» ММ 2025-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа

    ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Талдамалық анықтама

    Жезқазған қаласы 2026 жылдың 12 маусым

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысының 2026 жылғы 12 мамырындағы №20 бұйрығымен бекітілген жұмыс тобымен «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (бұдан әрі – ММ) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2026 жылғы мамыр 2026 жылғы маусым аралығында жүргізілсін.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

    1) ММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

    2) ММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1. ММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 маусымдағы №26/13 қаулысымен бекітілген мемлекеттік мекеме туралы ережені, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады және басқа да нормативтік құқықтық актілермен келісіледі. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ММ лауазымды адамдарының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтар белгіленбеген.

    Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы белгіленбеген.

    1. Персоналды басқару жөніндегі қызметті талдау.

    2026 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша ММ штат саны 4 мемлекеттік қызметшіні, келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын 7 қызметкерді құрайды.

    Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

    2026 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша еңбек тәртібін бұзу және мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді бұзу фактілері тіркелген жоқ. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, қылмыстық іс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері, мүдделер қақтығысы фактілері тіркелген жоқ.

    2026 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша бөлімде мемлекеттік қызметші бас маманы бос 3 орны бар және келісім-шарт бойынша жұмыс жасайтын 1 қызметкер бос орны бар.

    Қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдар (оның ішінде коммерциялық ұйымдардың сенімгерлік басқаруына және т.б.), сондай-ақ басшымен жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестес болуы, кадрлардың ауысу себептері, қызметкерлерді жұмыстан босату барысында лауазымды тұлғалар үшін қолданыстағы заңнамамен белгіленген бұзушылықтар (лауазымын төмендету) жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    III. Мемлекеттік қызметтер көрсету және рұқсат беру функцияларын орындау жөніндегі қызметті талдау.

    ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген стандартына сәйкес «Тракторларды басқаруға куәліктер беру», «Тракторлар үшін тіркеу құжатын (түпнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгіні беру», «Тракторлар кепілін мемлекеттік тіркеу», «Тракторларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық бақылаудан өткізу», «Тракторлар ауыртпалықтарының болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметтерінің бес түрін көрсетеді.

    2026 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік техникалық инспекция саласында 140 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

    - Арнайы техникаға техникалық паспорт және мемлекеттік нөмірлер беру – 39 бірлік

    – Тракторларды басқару құқығына куәліктер беру - 7 бірлік

    - Арнайы техника кепілін мемлекеттік тіркеу - 0 бірлік.

    - Тракторларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық бақылаудан өткізу – 94 бірлік.

    Стандарттарға сәйкес алушының көрсетілетін қызметі «Электрондық үкіметтің» egov.kz. веб-порталына жүгінген кезде Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі белгіленген.

    Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды.

    «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижесінде мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

    1. Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркелген тіркемелерге (соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелерге), сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне және жоғары өтімді арнайы машиналарға кепіл құқығын мемлекеттік тіркеу және тіркеу куәлігін беру;
    2. Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
    3. Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен механизмдерді, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды тіркеу, тіркеуден шығару және қайта тіркеу;
    4. Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, оларға тіркелген тіркемелерге (соның ішінде арнайы жабдықтар орнатылған тіркемелерге), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық, жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау жүргізу.
    5. Мерекелік жалпы қалалық іс-шараларды өткізу кезінде көшпелі ұсақ бөлшек сауданы жүзеге асыру үшін өтініш беру заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ азаматтар, оның ішінде жетекші шаруа (фермер) қожалығы немесе бау-бақша , мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар алушы мен көрсетілетін қызметті берушінің тікелей байланысымен жүзеге асырылады;
    6. Шағын және орта бизнеске арналған жыл сайынғы гранттарға қатысу үшін бөлім ісін жаңа бастаған кәсіпкерлермен консультация өткізеді. Алайда кәсіпкерлермен тікелей байланысты мүдделер қақтығысын тудыруы және сыбайлас жемқорлық қаупін арттыруы мүмкін.

    Тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар:

    1. Мемлекеттік техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсету;

    «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік

    және ауыл щаруашылығы бөлімі» ММ

    кадр және іс-қағаз жүргізу бойынша статистик И.Мейрамова

    «Жезқазған қаласының

    кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

    бөлімі» ММ басшысы Қ.Рамазанов

    анықтама

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі" жаңалықтары