Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі

    Бөлім туралы

    «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды.

    Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 –бабының 5 –тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталды. анонс

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    Есеп

    2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат

    Жезқазған қаласының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің 4 түрін көрсетеді. 2025 жылы бөлім тарапынан барлығы 484 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз жүзінде – 1 қызмет, электрондық форматта – 483 қызмет көрсетілді. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, 2025 жылы әлеуметтік желілерде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық материалдар жарияланды. Атап айтқанда, баспа басылымында мемлекеттік техникалық байқауды өткізу кестесі жарияланып, тікелей эфир барысында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Акиматтың бірінші қабатында орналасқан Open Akimat алаңында мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналастырылған, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу мүмкіндіктері қамтамасыз етілген. Аталған кеңістікте бөлім қызметкерлері азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу барысында кеңес беру және практикалық көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады. Сонымен қатар, бөлімде халыққа қолайлылықты арттыру мақсатында «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы — Egov» жұмыс істейді. 22

    Жарияланды: