
Ағымдағы жылдың 15 қырүйегінде Алматы қаласында 700-ден аса адам қатысқан Қазақстан Республикасы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің І конгресі өткізілді.
Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35-жылдығана және «Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күні» кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Конгреске еліміздің сала мамандарынан бөлек Ресей, Қытай, Түркия, Италия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, Біріккен ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының салалық құрылымдарынан делегаттар келді.
Алдымен Конгрес басталмас бұрын санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жеткізген ғылыми-зерттеу жетістіктері туралы көрмесі ұйымдастырылып, қызметтің жұмысы туралы бейне ролик көрсетілді.
Конгерстің пленарлық отырысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев ашып, көрнекті ғалым Масғұт Айқымбаевтың 110-жылдығымен және отандық зертханалық қызметтің 105-жылдығымен құттықтады.
Сондай-ақ Тимур Сламжанұлы Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына және Ұлттық сараптама орталығына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектеновтің мерейлі даталарға арналған құттықтау хаттарын табыстады.
Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі кәсіби мерекеге байланысты сала қызметкерлерін әр түрлі ведомстволық наградалармен марапаттады.
Әрі қарай Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар сала қызметкерлеріне Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының алғыс хаттарын табыстады.
Пленарлық отырыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы Скендер Сыла мен Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімовтың бейне байланыс арқылы құттықтаулары көрсетілді.
Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының «Кодекс Алиментариус» комиссиясы төрағасының орынбасары Вазгечер Бетюль мен Қытай Халық Республикасының Инфекциялық ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі Ұлттық институтының бөлім директоры Ли Вэй құттықтау сөздермен сөйледі.
Бұдан бөлек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Сағынтайқызы Бейсенова сөз сөйлеп, сала ардагерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғыс хаттарын табыстады.
Сонымен қатар, Сархат Сағынтайқызыда салалық қызметкерлерді бірқатар ведомстволық наградалармен марапаттап, олардың еңбегін ерекше атап өтті.
Конгрестің құрметті қонақтары, сала ардагерлері Мария Нургалиевна Омарова, Виталий Николаевич Шеянов, Забида Тезекбаевна Аушахметова, Татьяна Владимировна Мека-Меченко сөз алып, қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай Конгрес қатысушыларына Қазақстанның халық әртісі, отандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаева, «IL Canto» вокалдық квартеті, белгілі «КешYOU» тобы әндерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Үзілістен соң жұмыс халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудің заманауи сын-қатерлері мен перспективаларына, санитариялық-бактериологиялық зертханалардың қалыптасуының 105 жылдығына және профессор М. Айқымбаевтың ғылыми мұрасына арналған үш тақырыптық секцияда жалғасты.
Конгресс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін одан әрі дамытудың және оның әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттарын айқындайтын резолюция қабылданды.









