2026 жылғы 9-10 қыркүйекте Астанада 90 елден 8 000-ға жуық қатысушыны біріктірген IX Халықаралық қаржы форумы - Astana Finance Days 2026 өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    2026 жылғы 9-10 қыркүйекте Астанада 90 елден 8 000-ға жуық қатысушыны біріктірген IX Халықаралық қаржы форумы - Astana Finance Days 2026 өтті
    Форумға активтерді басқарудың жиынтық көлемі 26 трлн АҚШ долларынан асатын ірі әлемдік инвестициялық компаниялардың, банктердің, технологиялық корпорациялардың, реттеуші органдардың және халықаралық бизнестің өкілдері қатысты.
    Форумның маңызды қорытындысы - Astana International Exchange алаңында Қазақстан Даму Банкінің 3,7 млрд қытай юані (шамамен 552 млн АҚШ доллары) сомасына облигацияларын орналастыру, сондай-ақ Орталық Азияда алғаш рет ерікті көміртек кредиттерімен биржалық сауданың іске қосылуы болды.
    Форум аясында тау-кен өнеркәсібі мен креативті индустриялар салаларындағы инвестициялық жобалар таныстырылды. Жобаларды инвесторларға таныстыру қорытындысы бойынша 13 ниет білдіру туралы хатқа қол қойылды.
    Сондай-ақ жасыл қаржыландыру, цифрлық активтер, авиация, токенизация және трансшекаралық нарықтарды дамыту салаларында ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары