
Еңбек күнін атап өтуге арналған іс шаралар жоспарына сәйкес, Департаменттің еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Б.Жұманов «Orda Glass Ltd» ЖШС-де болып, еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Бағлан Жұманов ең алдымен кәсіпорынның өндіріс процесі барысындағы еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау шараларымен танысты.
Жұмыскерлермен кездесу барасында өндірістік жарақаттанудың алдын алу мақсатында жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қажеттігіне тоқталды.
Сонымен қатар кәсіпорында кәсіби тәуекелдерді бағалау, «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасына қосылудың маңыздылығын айтып өтті.
Бұдан бөлек, еңбек қауіпсіздігі ережелерін оқыту, оның ішінде қауіпті жұмыстарды атқаратын қызметкерлердің міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі бойынша оқытудан өтуі, тиісті біліктілігі мен рұқсат құжаттарының болу қажеттігі туралы түсіндірме берді.
Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары басқа да өңір кәсіпорындарында жалғасатын болады.







