БАҚ: ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫ – ЗАҢ ҚОРҒАУЫНДА!

    БАҚ: ЖҰМЫСШЫ ҚҰҚЫҒЫ – ЗАҢ ҚОРҒАУЫНДА!
    Еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарының сақталуы – қызметкердің құқығын қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етудің басты кепілі.
    Осы бағытта Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті тарапынан жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын қамтамасыз ету, еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу және азаматтардың еңбек қатынастары саласындағы заңды мүдделерін қорғау.
    Осы мәселелердің маңыздылығы, еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Департамент басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы "Айғақ" телеарнасына сұхбат берді.
    Сұхбат барысында Амангелды Салхудинұлы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің тыныс-тіршілігін тарқата отырып, Департаменттің негізгі міндеттеріне, еңбек қатынастары саласында атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне шолу жасап өтті.
    Сонымен қатар, еңбек шартын заң талаптарына сай жасасу, жалақыны уақтылы төлеу, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібін сақтау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Департамент басшысы жұмыскер өз құқығын білуі және заңда көзделген кепілдіктерді талап ете алуы маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбек қауіпсіздігі шараларын күшейту және қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру қажеттігі түсіндірілді.
    Еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарының орындалуын бақылау, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтардың өтініштерін қарау – Департамент жұмысының маңызды бағыттарының бірі.
    Жұмысшының құқығы – заңмен қорғалады. Ал заң талаптарын сақтау – жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігі.

    🔗 Толығырақ: https://t.me/enbekturkistan/289

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары