Қазақстан Қытайда өткен Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық форумға қатысты

    Қазақстан Қытайда өткен Қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық форумға қатысты

    Қытайдың Ляньюньган қаласында өткен Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жаһандық ынтымақтастық форумында трансұлттық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, көші-қон қауіпсіздігі, сондай-ақ полиция қызметінде заманауи технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.

    Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен форум жұмысына ІІМ делегациясы қатысты. Делегацияны министрдің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов бастап барды.

    Халықаралық алаңға 139 мемлекет, аумақ және халықаралық ұйымнан, оның ішінде құқық қорғау органдарының басшыларын қоса алғанда 2100-ден астам өкіл қатысты.

    Қазақстандық делегация үшін негізгі мәселелердің бірі шекара маңындағы аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азаматтардың өзара сапарларын жеңілдету болды. Бұл мәселелер Қытай мен Орталық Азия елдерінің көші-қон және шекара ведомстволары өкілдерінің жоғары деңгейдегі отырысында қаралды.

    Қатысушылар тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру, өткізу пункттеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың шекарадан өтуін барынша қолайлы етуге мүмкіндік беретін технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.

    ҚР ІІМ өкілдері шетелдік әріптестерімен қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстарды тергеу тәжірибесімен де алмасты. Сонымен қатар заманауи технологиялық шешімдермен және оларды полиция қызметінде практикалық тұрғыда қолдану тәсілдерімен танысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары