Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесу

    Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесу

    2026 жылғы 16 қыркүйекте «Ел ертеңі» ЖҚБ (Қостанай қ.) Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жоба шеңберінде өңірдің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері арасында қазақстандық қоғамның құндылықтарын сіңіруге және қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

    Спикер ретінде облыстық діни мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Р.Ж.Мурзагалиев «ҚР діни саладағы заңнамасын түсіндіру» тақырыбында сөз сөйледі.

    Кездесу барысында спикер мемлекеттік саясат қағидаттарын, рухани-адамгершілік құндылықтарды, Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне тән қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді нығайтуды, этносаралық және этносішілік қақтығыстар мен келіспеушіліктерге жол бермеуді, ҚР заңнамалық актілерін сақтау қажеттілігін түсіндірді, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігін, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» сезімін насихаттауға шақырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары