Қазақстан Республикасы Күні және Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел

    1 / 6

    2026 жылғы 21 қазандаҚостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен Қазақстан Республикасы күні мен Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан Халқы кеңесі» мүшелері, облыстың діни бірлестіктерінің, «Діндерді талдау және зерттеу орталығы» КММ-нің және БАҚ өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, қоғамдағы толеранттылықты дамыту, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ дін саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

    «Қазақстан Халқы кеңесі» мүшесі Д.И.Павленко жоғары конституциялық консультативтік органның құқықтық мәртебесі мен негізгі қызметі, Қазақстан Халқы кеңесі қызметінің мақсаттары мен міндеттері, қағидаттары мен өкілеттіктері, оның құрамын қалыптастыру және құру тәртібі, Қеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, заң шығару бастамасы құқығын іске асыру, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл туралы хабардар етті.

    Іс-шараны өткізу барысында Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы облыс әкімі орынбасарының атынан конфессияаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін діни бірлестіктердің 5 өкіліне алғыс хат табыс етті.

    Дөңгелек үстел соңында Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бірлік, құрмет пен жауапкершілік – қоғамды мықты әрі ұйымшыл ететін негізгі құндылықтар екенін атап өтті.

    Қатысушыларды Рухани келісім күнімен және келе жатқан ұлттық мереке Республика күнімен тағы да құттықтап, барша қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тіледі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары