Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру

    Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру

    Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге арналған кәсіпкерлік қызмет лицензиялауға жатады. Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Ветеринария саласында қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Осы мемлекеттік қызмет «Е-лицензирование» порталы арқылы көрсетіледі.

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

    - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;

    - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.

    Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

    Лицензиялық алым:

    - лицензия бергені үшін лицензиялық алым 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті құрайды;

    - лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 (он) пайызын құрайды.

    «Е-лицензиялау» порталында көрсетілетін қызметті алушы өтінішті және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтердің электрондық нысанын толтырады. Мәліметтердің электрондық нысанын толтыру кезінде мынадай деректер қажет: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізудің стандарттау және әдістемесі жөніндегі құжаттардың болуы; өлшеу аспаптарына (дайындаушы зауыттың паспорты) құжаттарды растайтын өлшеу аспаптарының және өлшеу аспаптарын тексеру туралы сертификаттардың болуы; ветеринариялық білімнің және соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтердің болуы.

    Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-94 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары