ТАҒАЙЫНДАУ

    ТАҒАЙЫНДАУ

    2026 жылдың 31 тамызда «Корнеевка орта мектебі» КММ директоры болып Ерік Қуанышбайұлы Бимақанов тағайындалды. 1992 жылы С.М. Киров атындағы инженер - механик мамандығы бойынша Омбы ауыл шаруашылық институтын тәмамдады. Еңбек жолын 1992 жылы «Николаевка» совхозы бөлімшесінің механигі қызметінен бастады. 1997 жылдан 2005 жылға дейін «Николаевское ХПП» ЖШС жөндеу шебері және бас инженер болып жұмыс істеді. 2006 жылдан 2008 жылға дейін «Николаевка орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды. 2009 және 2010 жылы Покровка ауылындағы «Кәсіптік лицей 4» директорының орынбасары болды. 2010 жылдан бастап «Заградовка орта мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады. 2011 жылы информатика мамандығы бойынша М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін 2026 жылға дейін «Заградовка орта мектебі» КММ директоры қызметін атқарды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары