ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРДЫ ЖАТҚА АЙТУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

    ОСАКАРОВ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ БАТЫРЛЫҚ ЖЫРЛАРДЫ ЖАТҚА АЙТУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

    «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жыр байқауы Осакаров ауданы оқушыларының ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруда. Бүгінде ауданнан 247 оқушы мен 120 мұғалім жобаға тіркелді.

    Байқауға дайындық барысында оқушылар қазақтың батырлық жырларымен танысып, шығармалардың мазмұны мен тарихи негізіне мән беруде. Олар жырдағы көне сөздер мен тарихи атаулардың мағынасын зерделеп, оқиғаларды тарихи деректермен байланыстыруға басымдық беруде.

    Тағылымды кездесуде қатысушыларға жырды мәнерлеп әрі әсерлі жатқа айту, мәтін мазмұнын терең түсіну және көркемдік ерекшеліктерін жеткізу бойынша бағыт-бағдар берілді.

    Ұстаздар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, оқушылардың дайындығын жетілдіруге қатысты ұсыныстар айтылды.

    «Тұлпар мініп, ту алған! – ұлттық әдеби мұраны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттап, батырлық жырлардың тәрбиелік мәнін танытуға мүмкіндік беретін маңызды жоба.

    Осакаров ауданының қатысушыларына сәттілік тілейміз! Жырды жатқа айту арқылы жас ұрпақ ата-баба мұрасын танып, ұлттық рухты тереңірек сезіне түседі.

    #ТұлпарМініпТуАлған

    #til_qaragandy

    #qazaqepos2026

    #ТілМәртебесі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары