Мұғалжар ауданында екі арнайы экономикалық аймақ іске қосылды

    Мұғалжар ауданында екі арнайы экономикалық аймақ іске қосылды

    Бұл арнайы экономикалық аймақтар - «Жаңажол» және «Қандыағаш». Оларды құру өндірісті дамытуға, инвестицияларды тартуға және ауданда жаңа өнеркәсіптік алаңдарды қалыптастыруға бағытталған.

    Екі алаңның да маңызды артықшылығы АЭА қатысушылары үшін көзделген бизнесті жүргізудің арнайы шарттары болады. Ал халық үшін - жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, Өндірістік алаңдарда 2026 жылы ауданның 2500 тұрғыны жұмысқа орналаса алады.

    Арнайы экономикалық аймақтарды құру АЭА желісін дамыту және кеңейту жөніндегі Қазақстан Үкіметі шешімдерінің шеңберінде мүмкін болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" жаңалықтары