2026 жылғы 14 қыркүйекте Ұлытау облысының Әділет департаменті халықтың конституциялық-құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық ағарту және профилактикалық жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру мақсатында адвокаттар мен жеке сот орындаушыларының қатысуымен Жезқазған қаласындағы №3 мектептің педагогтері мен қызметкерлері арасында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

    Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, сот актілеріне апелляциялық тәртіппен шағымдану тәртібі, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігі қағидаттары түсіндірілді.

    Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, қолданыстағы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша құқықтық түсіндірмелер мен консультациялар алды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары