Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып ТАМПИШЕВ Серікқали Қартбайұлы сайланды

    Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып ТАМПИШЕВ Серікқали Қартбайұлы сайланды
    ТАМПИШЕВ Серікқали Қартбайұлы 3 қазан 1977 жылы Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 2000 жылы Түркістан облысы Шардара ауданы Қасым Аманжолов атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
    2005 – 2019 жж. – «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ Әйтеке би атқыштар командасының күзетшісі, бастығы лауазымдарында қызмет еткен.
    2020 – 2021 жж. – Ақтасты ауылдық округінің әкімі.
    2021 – 2023 жж. – Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі.
    2023 – 2023 жж. – «Целинник» мәдениет үйінің директоры.
    2023 – 2026 жж. – Сұлукөл ауылдық округінің әкімі.
    2026 жылдың 27 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін «SM Minerals» ЖШС инженер болып қызмет атқарып келді.
    Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қыркүйегіндегі шешімі негізінде а.ж. 14 қыркүйегінен бастап Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары