Департамент «Оқитын ұлт» республикалық марафонын қолдады.

    Департамент «Оқитын ұлт» республикалық марафонын қолдады.

    Қазақстанда 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуір айына дейін өтетін алғашқы «Оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына тіркеу басталды.

    Марафон оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға, отандық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ азаматтардың зияткерлік және мәдени әлеуетін дамытуға бағытталған. Марафонға қатысу тегін. Тіркелу жобаның ресми сайтында жүзеге асырылады: reading-nation.kz.

    Марафон аясында қатысудың 7 бағыты қарастырылған, оның бірі – «Оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты. Қатысушылардың әр санаты үшін 15 әдеби шығармадан тұратын жеке тізім әзірленген.

    Марафонның кітап қорында барлығы 330 шығарма қамтылған, оның ішінде 165 кітап қазақ тілінде және 165 кітап орыс тілінде ұсынылған.

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ аталған бастаманы қолдап, «Оқитын ұлт» республикалық марафонына «Оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша қатысуда.

    Департаменттің үш маманы марафонның ресми платформасында тіркеуден өтіп, оның іс-шараларына белсенді қатысуда.

    Марафонға қатысу оқу мәдениетін қалыптастыруға, мемлекеттік қызметшілердің ой-өрісін кеңейтуге, зияткерлік деңгейін және кәсіби әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

    «Оқитын ұлт» – бірге оқимыз, бірге дамимыз, бірге күшейеміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары