
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен тәрбиенің бастауы.
«Отбасы – бақыт аясы», «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында өткен тағылымды шарада ақ жаулықты аналарымызға құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды. Үлкендердің өнегелі әңгімелері мен ақ батасы жас ұрпақ үшін әрдайым баға жетпес тәрбие мектебі.
Осындай кездесулер отбасы құндылықтарын дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін нығайта түседі.
Әр шаңырақтан шаттық кетпей, отбасыларымыз аман, бірлігіміз бекем болсын!
Отбасы – берекенің бастауы, бақыттың мекені! ❤️









