
Ағымдағы жылдың 10-11 қыркүйек күні «Vizit-Qaraganda» туристік ақпараттандыру орталығының ұйымдастыруымен 2 күндік туристік маршрут аудан аумағында болды. Бұл іс-шараның негізі мақсаты Шет ауданының туристік мүмкіндіктері және өңірідің туристік әлеуетін кеңінен таңыту. Сапар барысында ауданда орналасқан тарихи-мәдени нысандар туралы мазмұнды ақпаратты кенінен насихаттау. Туристік маршрутқа елімізге белгілі журналистер, блогерлер қатысты. Алдағы кезенде осы бағыттағы іс-шаралар, ауданымыздағы туристік әлеуеті жоғары жобаларға инвесторлар тарту бағытында жан-жақты жұмыстар жүргізілетін болады.
«JEEP TOUR TO SHET DISTRICT» ақпараттық турының бағдарламасы: Талды а/о – Талды тарихи-археологиялық кешені «Пирамида», «Ақкезен» қорымы, Шет а/о – Сазанбай батыр ескерткіші – Өспен а/о «Сарысу байыту фабрикасының қирандылары», Ортау а/о, Қарашілік қыстағы Сәкен Сейфуллин дүниеге келген жер, Киікті а/о Ағыбай батыр кесенесі, Шұнақ кратері.








