Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде «Ашық есік күні» өтеді

    Ақмола облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде «Ашық есік күні» өтеді

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ2026 жылғы 22қыркүйек«Ашық есік күнін»өткізуді жоспарлап отыр.

    Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Назарбаев көшесі, 60.

    Іс-шара азаматтық қоғам өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту мақсатында өткізіледі.

    «Ашық есік күні» аясында Департамент мамандары медициналық қызметтер (медициналық көмек) көрсету саласын, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндірмелер береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" жаңалықтары