
Жалағаш кентінің қоғамдық орындарында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, күтіп ұстау мәселесі бақылауға алынған.
Атап айтқанда, демалыс орындары ретке келтіріліп, орындықтар сырланып, сынған, бүлінген брусчаткалар жаңартылып, аумақ тазалығы қамтамасыз етілуде.
Тазалық – тәртіптің бастауы!
Көркейген кент – ортақ еңбектің нәтижесі!








