Біліктілікті арттыру семинары өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Біліктілікті арттыру семинары өтті
    Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы филиалында мемлекеттік қызметшілерге арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру семинары өтті.
    Семинар «Өңірдегі діни ахуал: зайырлылық принциптері мен дін» бағытына арналды.
    Семинар барысында өңірдегі діни ахуал, зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы қолданыстағы заңнама мен мемлекеттік саясат, сондай-ақ діни конфессиялар арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
    Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы білімін арттыру, заңнама талаптарын дұрыс түсінуіне және кәсіби қызметінде тиімді қолдануына ықпал ету.
    Кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған тағылымды семинар өзара пікір алмасу және мазмұнды талқылаулармен жалғасты.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары