Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Прибрежный ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Ауылдық округ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.
Орнатылған бейнебақылау жүйесі қоғамдық орындардағы жағдайды тұрақты бақылауға, құқық бұзушылықтар мен өзге де оқиғаларды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ туындаған жағдайлар мен төтенше оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Бейнебақылау жүйесін пайдалану ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.




