ОТБАСЫ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

    ОТБАСЫ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

    Отбасы күніне орай ауылымыздың белсенді жас аналары тұрғындарды біріктіріп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған ерекше жәрмеңке ұйымдастырды. Аталған шара ауыл тұрғындары арасында жақсы дәстүрге айналып, өзара ынтымақтастық пен берекені арттыруға ықпал етуде.

    Жәрмеңкеде жас аналар өз қолдарымен дайындаған түрлі өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Табиғи сүт өнімдері, үй жағдайында әзірленген тәттілер мен дәмді тағамдар, жаңа піскен көкөністер және жергілікті жерде өндірілген басқа да табиғи өнімдер келушілердің көңілінен шықты.

    Жәрмеңкеге қатысушылардың шынайы қонақжайлығы, жылы қарым-қатынасы және өз еңбектерінің нәтижесін көпшілікпен бөлісуге деген ықыласы шараға ерекше көрік берді. Сонымен қатар, бұл іс-шара отандық өнімдерді таныстырумен қатар, тұрғындардың өзара пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне және көршілік қарым-қатынасты нығайтуына мүмкіндік берді.

    Мұндай игі бастамалар отбасылық және ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыруға және ауыл тұрғындарын ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыруға ықпал етеді. Өйткені берік отбасы, өзара сыйластық пен бірлік – қоғамның тұрақты дамуы мен елдің берекелі болашағының негізі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары