
14.09.2026 жылы Жетісу облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі енгізген атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға өзгерістерді түсіндіру мақсатында жиын өткізілді.
Іс-шараға Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, сондай-ақ ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімдерінің өкілдері қатысты.
Жиын барысында Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Айжулдыз Сериковна Абдикаримова атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың сот орындаушыларының қызметінде қолданылу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар, Жетісу облысы Әділет департаментінің басшысы Жандос Елмұратұлы Бексұлтан заңнамалық өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, олардың атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыстың тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.
Кездесу барысында жеке сот орындаушылары тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді.








