
2026 жылғы 11 қыркүйекте Атбасар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақмола магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Атбасар электрмен жабдықтау дистанциясының қызметкерлерімен «Салауатты жұмыс орындары» бастамасын іске асырудың озық тәжірибелері, «Еңбек ұжымдарындағы вакцинациялау және профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бағдарламасы», «Туберкулездің алдын алу» тақырыптарында семинар өткізді.
Семинар барысында еңбек қауіпсіздігін, қызметкерлердің физикалық және психологиялық әл-ауқатын қамтитын «Салауатты жұмыс орындары» бастамасын іске асыру мәселелері қаралды. Бастаманы іске асырудың негізгі қағидаттарына әкімшілік қолдау, қызметкерлердің қатысуы және тәуекелдерді бағалау жататыны атап өтілді.Қатысушыларға жұмыс орындарында бастаманы енгізудің озық тәжірибелері таныстырылды, оның ішінде:
1. қызметкерлерді медициналық қарап-тексеруден өткізу;
2. дұрыс тамақтану қағидаттарын енгізу және тұрақты тамақтануға жағдай жасау;
3. өндірістік гимнастика мен корпоративтік спорттық іс-шараларды ынталандыру, сондай-ақ фитнеспен айналысуға мүмкіндік жасау;
4. күйзеліс деңгейін төмендетуге, командалық рухты нығайтуға және ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу;
5. қауіпсіздік техникасы, салауатты өмір салтының негіздері және еңбек гигиенасы мәселелері бойынша тұрақты оқыту жүргізу. ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиялық маусымы қарсаңында семинарға қатысушыларға қызметкерлер арасында вакцинациялауды ұйымдастырудың артықшылықтары түсіндірілді. Ауруларды ерте анықтауда, инфекциялардан қорғауда және еңбек ұжымдарындағы сырқаттанушылық деңгейін төмендетуде вакцинациялау мен профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің маңызы атап өтілді. Сонымен қатар семинар қатысушыларына туберкулездің алдын алудың негізгі шаралары таныстырылды. Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.









