ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ·Жаңалықтар мұрағаты

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қоғамда заңға, әр адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Заңнаманы сақтау – мемлекеттің тұрақтылығының, әділеттілігі мен қауіпсіздігінің негізі. Заң баршаға ортақ, ал оны сақтау әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады.
Өз құқықтарын білу ғана емес, заңда белгіленген міндеттерді орындау, айналадағы адамдарды құрметтеу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу маңызды.
Заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бірлесе отырып, біз әділетті, қауіпсіз және құқықтық қоғам қалыптастырамыз.








