
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Марқакөл ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Аудан аумағын таза ұстау, елді мекендердің көркін арттыру және қоршаған ортаны абаттандыру бағытындағы жұмыстар аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлының бақылауында.
Тазалық – ортақ міндет. Әрбір тұрғынды туған жеріміздің тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!








