Екібастұзда аналардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Екібастұзда аналардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтілді

    Екібастұзда аналардың бала тәрбиесіне қосқан үлесі атап өтілді

    3 қыркүйекте Екібастұзда көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин қатысты.

    Бұл күні 17 көпбалалы ана мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның бесеуі «Алтын алқа», 12-сі «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.

    Аталған төсбелгілер – аналардың еңбегіне, бала тәрбиесіне деген қамқорлығына, отбасы институтын нығайтуға және отбасылық құндылықтарды сақтауға қосқан үлесіне көрсетілген құрметтің белгісі.

    «Ана еңбегі – махаббат, даналық пен зор рухани күштің көрінісі. Бүгінгі марапат – бала тәрбиесіне қосқан үлестеріңізге деген терең құрметіміз бен шынайы алғысымыздың белгісі», – деді қала әкімі Аян Уахитұлы Бейсекин.

    Марапат иелерін құттықтаған қала әкімі оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен бақ-береке тіледі. Балаларының дені сау, табысты болып, ата-аналарын әрдайым қуаныш пен мақтанышқа бөлей беруіне тілектестік білдірді.

    Отбасын қолдау, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың толыққанды тәрбиесі мен дамуына жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары