Жанама ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жанама ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті

    Бүгін Жанама ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Ашық сұхбат түрінде ұйымдастырылған жиын барысында елді мекенді көркейту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

    Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ауылды дамыту бойынша ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Әкім көтерілген әрбір мәселенің назарға алынғанын және заң шеңберінде орындалу барысы бақылауда болатынын жеткізді.

    Мұндай кездесулер ауыл тұрғындары мен жергілікті билік арасындағы ашық байланысты нығайтып, ауылдың тыныс-тіршілігін бірлесе жақсартуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары