САРЫАҒАШ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    САРЫАҒАШ: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетінің құрылыс барысымен танысты.
    Нысанды Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевпен бірге аралап, құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы бақылауға алынды.
    Қазіргі таңда нысандағы инженерлік инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталған. Ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс қарқыны жоспарға сәйкес сақталуда. Алты жолақты кеден бекеті іске қосылғаннан кейін тәулігіне 70 мың адамды, 2 мың автокөлікті және 200 автобусты өткізуге мүмкіндік береді. Нысанды биыл пайдалануға беру жоспарлануда.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары