
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында өңір басшысы орталық қазандыққа барып оның жылыту маусымына дайындығымен танысты. Осыдан кейін «Хлебная база № 2» элеваторының жұмысымен танысты. Сондай-ақ егістікте ауыл шаруашылығы құрылымдарының директорларымен кездесіп, егін жинау науқаны және агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі қолдау мәселелерін талқылады.









