Халықаралық олимпиададан қола медаль!

    Румынияның Бухарест қаласында өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиадада (International Linguistics Olympiad) Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.
    Бұл беделді білім додасында қатысушылар әлем тілдерінің құрылымы мен заңдылықтарына негізделген күрделі тапсырмаларды орындайды. Олимпиадада тілдік біліммен қатар логикалық ойлау, талдау жасау және жасырын заңдылықтарды анықтау қабілеті сыналады.
    Қазақстан құрамасының мүшесі Шыңғыс Карасаев халықаралық олимпиаданың қола медалін жеңіп алды.
    Шыңғыс Карасаев 1–6 сыныптарда Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясында білім алып, кейін Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқуын жалғастырып, ерекше үлгідегі аттестатпен тәмамдады.
    Жас дарынның бұған дейінгі жетістіктері де жоғары:
    🏅 Лингвистикадан республикалық және Азия-Тынық мұхиты олимпиадасының алтын жүлдегері;
    🏅 «Математика және жобалау» халықаралық жобалар байқауының І орын жеңімпазы;
    🏅 «Бобер» халықаралық информатика байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері;
    🏅 Желілік жасанды интеллект олимпиадасының алғыс хат иегері;
    🏅 2025 жылы Тайваньда өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың Құрмет грамотасының иегері;
    🏅 2026 жылы Румынияда өткен Лингвистикадан халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері. Батыс Қазақстан облысының дарынды түлегін халықаралық деңгейдегі жарқын жетістігімен құттықтаймыз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары