2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру бойынша хабарлама.

    Құрметті Түркістан облысының жұмыс берушілері!

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген «Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидалары» (бұдан әрі – Қағида) талаптарына сәйкес, жұмыс берушілердің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілігі туралы өтінімдері жергілікті атқарушы органдарға жыл сайын 1 қазанға дейін ұсынылады.

    Осыған байланысты, 2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттілігі бар жұмыс берушілерден Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес өтінімдерін 2026 жылғы 1 қазанға дейін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ұсыну сұралады.

    байланыс сымтетігі: 8-(7233)- 5-95-46

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары