Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру және жауынгерлік даярлау мақсатындағы негізгі іс-шараларының жоспарларына сәйкес

    Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру және жауынгерлік даярлау мақсатындағы негізгі іс-шараларының жоспарларына сәйкес

    Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру және жауынгерлік даярлау мақсатындағы негізгі іс-шараларының жоспарларына сәйкес, Шымкент қаласында командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуының екінші кезеңі өткізілді.
    Командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы барысында, Шымкент қаласы аумақтық қорғанысының 50120 әскери бөлімінде, халықты, аумақтық қорғаныс объектілерін және аумағын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қарсыластың әрекеттерінен қорғауға байланысты теориялық сабақтар өткізілді.
    Сонымен қатар, «Shymkent Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автобус паркінде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында есепке алынған автокөліктерді қабылдау бойынша практикалық оқу-жаттығуы жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары