КЕНТАУЛЫҚ ЖАС ЖҮЗУШІЛЕР ТАШКЕНТТЕ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

    КЕНТАУЛЫҚ ЖАС ЖҮЗУШІЛЕР ТАШКЕНТТЕ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
    КЕНТАУЛЫҚ ЖАС ЖҮЗУШІЛЕР ТАШКЕНТТЕ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ
    Жуырда Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған жүзуден ашық чемпионат өтті.
    Спорттық додаға еліміздің әр өңірінен және көрші мемлекеттерден келген 300-ге жуық жас спортшы қатысып, жүзудің түрлі бағыттары бойынша өзара бақ сынады.
    Халықаралық деңгейдегі жарысқа Кентау қаласының жас спортшылары Ali Swimming Club Kentau командасының атынан қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
    Жарыс қорытындысы бойынша кентаулық жүзушілер 2 алтын, 6 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы 12 жүлдеге қол жеткізді.
    Бұл нәтиже – жас спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттығудағы табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының жемісі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары