
«Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бейнеу АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Сатыбаев Сабит Сансызбаевич Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен кездесу өткізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, жолдан өтер кезде жан-жағына мұқият қарау, бағдаршамның талаптарын сақтау және жол қозғалысы кезінде барынша сақ болу қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкері балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Жол ережесін сақтайық! Балалардың қауіпсіздігіне бірге жауапты болайық!
https://www.instagram.com/reel/DdCF9NhOaUv/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==









