Еңбек кітапшасында түзетулер анықталған жағдайда, зейнеткер қандай әрекет жасау қажет?

    Еңбек кітапшасында түзетулер анықталған жағдайда, зейнеткер қандай әрекет жасау қажет?

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 209-бабына сәйкес, 01.01.1998ж. дейінгі кезең үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.

    Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023ж. №232 бұйрығымен бекітілген « Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 6-тармағы бойынша еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кiтапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса, архив мекемелерiнен немесе жұмыс орнынан анықтамалар, мемлекеттік архивтің немесе ведомстволық архивтің уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған архивтік құжаттың электрондық көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтамалар негізге алынады.

    Зейнетақы тағайындау барысында ұсынған еңбек кітапшасында түзетулер болған жағдайда, еңбек өтілі архив мекемелерімен немесе жұмыс орнымен растап берілген анықтамалар негізінде есепке алынады.

    Еңбек өтілдері архив мекемелерімен немесе жұмыс орындарымен расталған жағдайда, тұрғылықты жеріндегі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне (ХҚКО) нысандағы өтінішімен қоса расталған құжаттарын ұсынуы қажет.

    Ал, егер жұмыс жасаған жылдары, жұмыс істеген мекемесімен, сол мекеменің құқықтық мирасқорымен немесе архив бөлімімен расталмаған жағдайда, расталмаған құжаттарды (мирасқоры жоқ екендігі туралы, еңбек өтілі анықталмаған мұрағат анықтаманы т.б.) қоса ұсына отырып, сотқа заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы арыз беруге құқылы.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары