
Мектеп психологы Акишева Сағыныш Отбасы күнінің іс-шара жоспарына сәйкес ата-аналармен бала тәрбиесіндегі эмоцияны басқару және сабырлы қарым-қатынас тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Мақсаты:ата-аналарға ашуды басқаруды,балаға айқайламай түсіндіруді,қиын жағдайларда сабырлы әрекет етуді үйрету және ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Тренинг барысында: "Көшірме " психологиялық ахуал жаттығуы; бала тәрбиесіне байланысты ситуациялық сұрақтар,ашу келген кездегі әрекет тәсілдері;рефлексия жүргізіледі.









