Вирустық инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланды

    Вирустық инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланды

    Вирустық инфекциялардың алдын алу мәселелері талқыланды

    Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

    Кеңес барысында 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық және денсаулық сақтау нысандарының күзгі-қысқы кезеңде вирустық инфекциялармен жұмыс істеуге дайындығы мәселелері қаралды.

    Жиынға Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев қатысты.

    Күн тәртібіндегі мәселелер аясында өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, вирустық инфекциялардың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағыттарына ерекше назар аударылды.

    Фото Валерий Бугаевтікі. Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз орталығы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары