Ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің атын өзгерту үшін тұрғындар тиісті ұсыныспен елді мекеннің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жүгінуі қажет.
Өтініш келіп түскеннен кейін мәселе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кезең кезеңімен қаралады:
- жеке немесе заңды тұлғалардан ұсыныс қабылданады;
- халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі;
- күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу туралы хабарландыру жарияланады;
- қайта атау жөніндегі материалдар БАҚ-та (бұқаралық ақпарат құралдарында), сондай-ақ әкімдіктер мен мәслихаттардың интернет-ресурстарында орналастырылады;
- халықтың пікірін ескере отырып, жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі;
- жиналыс хаттамасы ресімделеді және жарияланады;
- материалдар аудандық, облыстық деңгейлерге және одан әрі — Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына жіберіледі.
Қандай құжаттар қажет болуы мүмкін
Атауды өзгерту негізіне байланысты қажет болуы мүмкін:
- жазбаша ұсыныс (өтініш);
- атын өзгерту қажеттілігінің негіздемесі;
- мұрағаттық құжаттар немесе тарихи мәліметтер;
- ғылыми, мұрағаттық немесе бейіндік ұйымдардың сараптамалық қорытындылары;
- жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы.
Кім шешім қабылдайды
Соңғы шешім Республикалық ономастика комиссиясы мәселені қарағаннан және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті нормативтік құқықтық актісін ресімдегеннен кейін қабылданады.
Нәтижесі
Белгіленген рәсім сақталған және оң қорытындылар болған кезде жаңа атау заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мысал
Ауыл тұрғындары қолданыстағы атауды тарихи ескірген деп санайды және оның атын өзгертуге бастамашы болады. Бастамашыл топ әкімдікке өтініш жолдайды, халықпен талқылау жүргізіледі, жиналыс хаттамасы ресімделеді, содан кейін материалдар ономастикалық комиссияларға одан әрі қарауға жіберіледі.
Терминдерді түсіндіру
Әкімдік - жергілікті атқарушы орган.
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары.
Ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi.
Республикалық ономастикалық комиссия - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгіну керек?
Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласқан жөн:
«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ,
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 63
Телефон: 7 (7232) 701-167, 701-186.