Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады.
Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастырылады, сондай-ақ LED-экрандарда ақпараттық материалдар көрсетіледі. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер белсенді қолданылады.
Қосымша халықты дауыс күшейткіш құрылғылар және «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы құлақтандыру жүргізіледі. Аулаларды аралау және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, су тасқыны кезеңіндегі іс-қимылдар бойынша жадынамалар мен ұсынымдар таратылады.
Сонымен қатар облыс аумағында MassAlert халықты жедел құлақтандыру жүйесі жұмыс істейді .
Мысал
Мысалы, су тасқыны қаупі туындаған кезде елді мекен тұрғындарына Darmen мобильді қосымшасы және MassAlert жүйесі арқылы алдын ала хабарламалар жіберіледі, теледидар мен радио арқылы ықтимал су басу туралы ақпарат таратылады, ал қызмет өкілдері аулаларды аралап, жадынамалар таратып, дауыс күшейткіштер арқылы эвакуация тәртібі мен қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.
Терминдерге түсіндірме
Су тасқыны - өзендегі су деңгейі мен су шығынының қысқа мерзімді көтерілуі.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ ) - мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, кинодокументалистика, аудиовизуалды жазба және бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың өзге де нысаны.
LED-экран - мәтіндерді, бейнелерді және бейнематериалдарды көрсетуге арналған жарықдиодтар (LED — Light Emitting Diode) негізінде жұмыс істейтін электрондық ақпарат көрсету құрылғысы.
Интернет-ресурс - интернет желісінде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы .
«Darmen» мобильді қосымшасы - халықты төтенше жағдайлар (соның ішінде су тасқындары, дауылды ескертулер және өзге де қауіптер) туралы ескертуге және Қазақстан Республикасы ТЖМ уәкілетті қызметтерінен жедел ақпарат жеткізуге арналған ақпараттық-хабарлау мобильді қосымшасы.
MassAlert - төтенше жағдайлар (соның ішінде су тасқындары, өрттер, қауіптер және эвакуация) туралы шұғыл хабарламаларды әртүрлі байланыс арналары (сиреналар, SMS, мобильді желілер, цифрлық және өзге де ақпараттандыру құралдары) арқылы жедел жеткізуге арналған халықты жаппай құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесі.