Қазақстанда баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді қалай алуға болады?

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Қазақстанда баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді алу үшін ата-анасы немесе заңды өкілі келесі әрекеттерді орындауы қажет:

    1. 1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы өтінім беру

    Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді алуға өтінім баланың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

    Маңызды:

    Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс тиісті қалалар мен аудандар бойынша жергілікті атқарушы органдар анықтаған операторлар арқылы іске асырылады.

    1. «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
    2. «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
    3. «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
    4. ШҚО Күршім ауданының «Шабыт» КМҚК;
    5. «Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
    6. «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
    7. «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
    8. «Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
    9. «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ;
    10. «ШҚО Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі » ММ.
    1. Баланың тұрғылықты жері бойынша операторды анықтау

    Өтінім баланың тұрғылықты қаласы немесе ауданы бойынша бекітілген оператор арқылы беріледі.

    №1 оператор — «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Өскемен қ., Пермитин көшесі, 29

    Телефон: +7 (7232) 26‒55‒36, бұл оператор арқылы Өскемен қаласында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді.

    №2 оператор — «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Глубокое ауданы, Попович көшесі, 3А

    Телефон: 8(723-31) 23-212, 87773032252, бұл оператор арқылы Глубокое ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №3 оператор — «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5

    Телефон: 8 (723-38)-77-262, 87051350769, бұл оператор арқылы Ұлан ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №4 оператор — ШҚО Күршім ауданының «Шабыт» КМҚК

    Мекенжайы: Абылай хан көшесі, 86

    Телефон: 87779953381, бұл оператор арқылы Күршім ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №5 оператор — «Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Шаймардан көшесі, 14

    Телефон: 8(72-340) 27-007, бұл оператор арқылы Зайсан ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №6 оператор — «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Алтай ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 18

    Телефон: 87781587482, бұл оператор арқылы Алтай ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №7 оператор — «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 17

    Телефон: 87784124752, бұл оператор арқылы Тарбағатай ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №8 оператор — «Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Астафьев көшесі, 61А

    Телефон: 8(72-332)33-0558, 87072288204, бұл оператор арқылы Шемонаиха ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №9 оператор — «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Риддер қ., Тәуелсіздік даңғылы, 3Б

    Телефон: +7 (72336) 210-57, бұл оператор арқылы Риддер қаласында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;

    №10 оператор — «ШҚО Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ

    Мекенжайы: Катонқарағай ауданы, ______ көшесі

    Телефон: +7 (72-341) -213-55, бұл оператор арқылы Катонқарағай ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді.

    1. Шығармашылық үйірмені таңдау

    Жүйеге тіркелгеннен кейін келесі әрекеттерді орындау қажет:

    • баланың тұрғылықты жері бойынша қаланы немесе ауданды таңдау;
    • мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысатын қосымша білім беру ұйымын таңдау;
    • шығармашылық үйірменің бағытын таңдау (мысалы: вокал, домбыра, хореография, сурет салу, актерлік шеберлік және басқа да бағыттар).

    Маңызды:

    Ваучер бала кезекке қойылған және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс орналастырылған қала немесе аудан шегінде ғана беріледі.

    1. Баланы кезекке қоюға өтінім беру

    Үйірмені таңдағаннан кейін ваучер алуға электронды өтінім беру керек және баланы кезекке қою қажет.

    1. Ваучердің бөлінуін күту

    Ваучерлерді бөлу ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде мынадай ретпен жүзеге асырылады:

    • өтінім берудің кезек ретілігіне қарай;
    • бос орындар болған жағдайда;
    • қарастырылған бюджеттік қаржыландыру шегінде.
    1. Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауды растау

    Шығармашылық үйірмеге арналған ваучерді алғаннан кейін ата-анасы немесе заңды өкілі баланың таңдалған ұйымға қабылданғанын растауы қажет.

    Нәтиже:

    Бала мемлекет есебінен шығармашылық үйірмеге тегін қатысу құқығына ие болады.

    Ваучерді кім ала алады?

    Шығармашылық үйірмеге арналған ваучер:

    • 4 жастан бастап 17 жасты қоса алғандағы балаларға;
    • кезек реттілігі бойынша;
    • бюджеттік қаржыландыру болған жағдайда беріледі.

    Қандай құжаттар мен мәліметтер қажет болады? Әртүрлі операторларда бұл үдеріс әртүрлі ме?

    Шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді алуға өтінім беру кезінде мынадай мәліметтер мен құжаттар қажет болуы мүмкін:

    • баланың ЖСН-і (жеке сәйкестендіру нөмірі);
    • ата-анасының немесе заңды өкілінің ЖСН-і;
    • баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
    • баланың туған күні;
    • байланыс телефон нөмірі;
    • электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда);
    • баланың тіркелген немесе тұрғылықты жерінің мекенжайы;
    • баланың туу туралы куәлігі — қажет болған жағдайда;
    • электрондық жүйеде дербес деректерді өңдеуге келісім беру.

    Шешімді кім қабылдайды?

    Шығармашылық үйірмелерге қабылдауға арналған ваучерлерді бөлу мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы төмендегідей сәйкес автоматты түрде жүзеге асырылады:

    • кезек реттілігіне;
    • бос орындардың болуына;
    • бюджеттік қаржыландырудың болуына.

    Мысал

    Ата-ана баланың тұрғылықты жері бойынша операторды анықтап, ақпараттық жүйеге тіркелді, вокал бойынша шығармашылық үйірмені таңдады, шығармашылық үйірмеге ваучер алуға өтінім берді, кезегін күтті және ваучерді алғаннан кейін баланың үйірмеге қабылданғанын растады. Осыдан кейін бала сабақтарға тегін қатысады.

    Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгіну керек?

    Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға ваучер алу мәселелері бойынша мына мекенжайларға хабарласуға болады:

    • баланың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне;
    • тиісті қала немесе аудан бойынша бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторына;
    • баланың тұрғылықты жері бойынша қолданылатын мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы.

    Ағымдағы байланыс деректерін, мекенжайлары мен қабылдау кестесін тиісті қала немесе аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан нақтылау ұсынылады.

    Терминдер

    Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс — бюджет қаражаты есебінен балаларға арналған шығармашылық үйірмелерді мемлекеттік қаржыландыру механизмі.

    Ваучер — баланың шығармашылық үйірмеге тегін қатысу құқығының электрондық растамасы.

    Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторы — өтінімдерді қабылдау, кезек жүргізу, ваучерлерді бөлу және балалардың қатысуын есепке алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған ұйым.

    ЖСН — жеке сәйкестендіру нөмірі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Неліктен менің өтінішім басқа мемлекеттік органға жіберілді?

    Жауап

    Өтініште көрсетілген мәселелер ол берілген мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін болса, өтініш басқа мемлекеттік органға жіберіледі. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ҚР ӘРПК) сәйкес мемлекеттік орган өзінің құзыретіне жататын мәселелерді ғана...

    Сұрақ

    Менің өтінішімді қарау мерзімі неге ұзартылды?

    Жауап

    Өтінішті қарау мерзімі заңды және дәлелді шешім қабылдау үшін өтініштің мән-жайын зерделеу үшін қосымша уақыт қажет болған жағдайларда ұзартылады. ҚР ӘРПК сәйкес өтінішті қарау мерзімі келесі жағдайларда қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін: қосымша құжаттарды немесе ақпаратты...

    Сұрақ

    Өтінішімнің жауабына әкім неге қол қоймады?

    Жауап

    Егер мәселені қарау оның құзыретіне жататын болса немесе мемлекеттік органның ішкі актілерінде тиісті өкілеттіктер берілсе, өтінішке мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы қол қоюы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтiнiштердi мемлекеттiк орган өз құзы...

    Сұрақ

    Су тасқыны кезінде қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Су тасқыны жағдайында қауіпсіздік шаралары мен іс-қимылдар туралы жергілікті халықты ақпараттандыру әртүрлі ақпарат жеткізу арналары арқылы жүйелі негізде жүзеге асырылады. Осы мақсатта бұқаралық ақпарат құралдарында (теледидар, радио, баспа басылымдары) сөз сөйлеулер ұйымдастыры...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай (ТЖ) режимін енгізу туралы хабарлау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Төтенше жағдай режимін енгізу туралы хабарлау «Барлығыңыздың назарыңызға!» бірыңғай сигналы — сиреналардың үзік дыбысы арқылы жүзеге асырылады. Сигнал берілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары (радио, теледидар), сондай-ақ сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы дауыстық ақпарат...

    Сұрақ

    Төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған жағдайда не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкес төтенше жағдай туындағаннан кейін тұрғын үйсіз қалған а...

    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тартуға не негіз болып табылады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларына сәйкесмемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруден бас тарту...

    Сұрақ

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Тұрғын үйді, ауланы немесе шаруашылық құрылыстарды тасқын сулармен су басу қаупі төнген кезде шұғыл қызметтердің бірыңғай нөмірі — 112-ге дереу қоңырау шалып, диспетчерге нақты мекенжайын, қауіптің сипатын, судың көтерілу деңгейін, балалардың, қарттардың, мүгедектігі бар адамдард...