Тарихи тұлғалар тізіміне енгізу үшін қандай талаптар мен құжаттар ұсынылуы қажет?

    ·
    Сұрақ

    Тарихи тұлғалар тізіміне енгізу үшін қандай талаптар мен құжаттар ұсынылуы қажет?

    Жауап
    «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін ұсынылатын тұлға қоғам мен мемлекет дамуына елеулі үлес қосқан, елге танымал, тарихи маңызы бар тұлға болуы тиіс.
    Атап айтқанда, бұл тізімге көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ хандары, билер, батырлар, жыраулар, ақын-жазушылар, ғылым және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік және қоғамдық қызметте ерекше еңбек сіңірген тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік наградалар мен жоғары атақтардың иегерлері енгізіледі.
    Тұлғаны тізімге ұсыну кезінде міндетті түрде оның өмірбаяны, тарихи және ғылыми негіздемесі дайындалады. Сонымен қатар тұлғаның қоғамға сіңірген еңбегін растайтын архивтік құжаттар, жазбаша тарихи деректер, ғылыми еңбектер мен зерттеу материалдары қоса ұсынылуы тиіс.
    Ұсынысқа міндетті түрде ғылыми ұйымдардың, соның ішінде архив мекемелерінің және ғылыми-зерттеу институттарының (мысалы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты) сараптамалық қорытындысы тіркеледі.
    Бұдан бөлек, ұсыныс жергілікті облыстық ономастика комиссиясының отырысында талқыланып, тиісті хаттамалық шешім қабылдануы қажет.
    Осы құжаттар топтамасы белгіленген квотаға сәйкес уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына) жолданады.
    Мысал:
    Жергілікті тұрғындар мен ғалымдар белгілі ақын Абай Құнанбайұлы есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізуді ұсынады. Ұсынысқа ақынның өмірбаяны, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы ғылыми негіздеме дайындалады. Қоса тіркеледі: архивтік құжаттар, тарихи жазбалар, ғылыми зерттеулер мен еңбектер. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты сияқты ғылыми ұйымдардан сараптамалық қорытынды алынады.
    Құжаттар облыстық ономастика комиссиясында қаралып, оң хаттамалық шешім қабылданады. Кейін барлық материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына жолданады. Нәтижесінде, барлық талаптар сақталған жағдайда тұлға «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізіледі.
    Қазақстан Республикасындағы тiл туралы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Тіл туралы» заңның 21-бабы нені реттейді?

    Жауап

    21-бап Қазақстан Республикасындағы көрнекі ақпараттың (жарнама, маңдайша, хабарландыру, баға көрсеткіштері, мәзірлер және т.б.) тілдік рәсімделу тәртібін реттейді. Бұл норма қоғамдық кеңістіктегі тілдік ортаның бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Мысал:Дүкеннің маңдайшасынд...

    ·
    Сұрақ

    Тарихи мұра объектілерін кім қорғайды?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар (мәдениет басқармалары), Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Жергілікті атқарушы органдар, Қоғамдық ұйымдар.Мысал:Түркістан қаласындағы көне кесене тарихи-мәдени мұра объектісі болып табылады.Бұл нысанды қорғау Қазақстан Республикасын...

    ·
    Сұрақ

    Архивтік анықтаманы алу үшін қандай құжаттар қажет және өтінішті қалай тапсыруға болады?

    Жауап

    Архивтік анықтаманы алудың 3 жолы бар. Архивтік анықтаманы алу үшін жеке тұлға өтініш береді. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, архив мекемесіне тікелей немесе eGov.kz порта...

    ·
    Сұрақ

    Ваучер деген кім?

    Жауап

    "Ваучер — бұл бала туралы барлық ақпаратты қамтитын бірегей нөмір. Ваучер атаулы болып табылады және айырбастауға жатпайды. Мысал:Айша 8 жасар қыз. Ол баланың спортқа қызығушылығы бар, сондықтан ата-анасы оған спорттық үйірмеге жазылуын қалайды.Айшаға ваучер беріледі, оның нөмірі...

    ·